русский english


Пайдаланушыға арналған сөз


"Қазақстанның музыкалық мұрасы" CD_ROM-ы мультимедиалық өнімдерді шығарудағы Қазақстан            Республикасы           Ұлттық кітапханасының (ҚР ҰК) тұңғыш тәжірибелік жұмысы болып табылады. Ол ҚР ҰК мен Алматыдағы ЮНЕСКО Өкілдігінің бірлескен жобасымен іске асырылып отыр. ҚР ҰК-ның музыкалық қорында 23 мың күйтабақ бар, оның 9 мыңы қазақтың музыкалық мәдениетін көрсетеді. Өлкетанулық фонотека қорының мақтанышы - ұлы ақын, философ, ағартушы және композитор Абай мен халық композиторы Жаяу Мұсаның қазақтың халық әндерін үздік орындаушылар Ж. Елебеков пен М. Ержановтың орындауындағы әндері. Ұлттық кітапхана сондай-ақ, қазақтың халық музыкасын, классикалық музыканы, симфониялық музыканың үздік үлгілерін, халықтық           фольклорды,           театрлық қойылымдарды, өнертанулық дәрістерді, өнер қайраткерлерінің сөздерін, Қазақстан халықтарының әуендерін, ертегілерін, белгілі музыкаларды ұсынады. Қорда сондай-ақ, 1925-1927 жж.. атақты әншілер Әміре Қашаубаев пен Күләш Байсейітованың да сирек дауысты жазбалары бар. Қазіргі кездегі фонотека қоры Қанабек Байсейітов, Бибігүл Төлегенова, Роза Бағланова, Ермек Серкебаев, Әлібек Дінішев сияқты өнер шеберлерінің «алтын дауысты» жазбаларымен айрықшаланады. ҚР Ұлттық кітапханасы кітапхана қорынан «Қазақстанның музыкалық мұрасы» CD-ROM-дар сериясын жасау жөніндегі жобаның бастамашысы болды. Алматыдағы ЮНЕСКО өкілдігі осы жобаға техникалық-кеңестік қолдау көрсетті. Бұл жоба арқылы күйтабақтардағы ақпараттарды сандық тасымалға біртіндеп көшіру, сөйтіп, Қазақстанның музыкалық өнерін өз елімізде және шетелдерде насихаттау көзделіп отыр. Осы CD-ROM үшін Қазақстанның музыкалық мәдениетінің барлық жанрын танытатын 62 музыкалық шығарма іріктеліп, жазылды. Композиторлар, орындаушылар және зерттеушілер туралы қысқа өмірбаяндық мәліметтер берілді. CD-ROM-да сондай-ақ, қазақтың музыкалық аспаптары, жас таланттар, қазақ музыкасын зерттеушілер туралы, музыкалық шығармалардың туу тарихы, олар туралы аңыздар бар. CD-ROM-да музыкалық шығармалардың, пайдаланылған әдебиеттердің және қазақ тіліндегі сөздер түсіндірмесінің тізімі берілген. Осы CD-ROM-ға сондай-ақ, әлемге аттары танымал Жәния Әубәкірова, Айман Мұсаходжаева және Марат Бисенғалиев сияқты орындаушылардың музыкалық шығармалары жазылған. ҚР Ұлттық кітапханасы Алматыдағы ЮНЕСКО Өкілдігіне, Өкілдік басшысы X. Секвэйра мырзаға, С. Карпов мырзаға, телематика жөніндегі ассистент, мультимедиа – тренерлері Н. В. Семенченко мен Е. И. Капустинге техникалық жабдықтау, мультимедиалық технологияға кітапхана қызметкерлерін оқыту және CD-ROM-ды жасауға белсене атсалысқандары үшін зор алғыс білдіреді. ҚР ҰК сондай-ақ, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына, оның ішінде өнертану ғылымының кандидаты, дәріскер Г. Әбдірахманға "Қазақтың музыкалық мәдениеті" атты кіріспе мақаласы үшін, сондай-ақ, Консерватория кітапханасының меңгерушісі А. Т. Ертазинаға материалдарды іріктеуге көмектескені үшін алғыс білдіреді. Ағылшындық мәтінді редакциялауға Қазақстандағы ІРЕХ Өкілдігінің директоры Гевин Хэлф мырза өлшеусіз көмек көрсетті. Біз ол кісіге де зор алғыс айтамыз. CD-ROM -ды құрастырушылар: Идея авторы және басылым жетекшісі - Р. А. Бердіғалиева,ҚР ҰК Бас директоры, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, тарих ғылымының кандидаты, Халықаралық ақпараттандыру Академиясының корреспондент - мүшесі, ҚР КА Президенті. Музыкалық шығармаларды іріктеу және музыкалық кеңесші - Е. Н. Обаев -профессор, ҚР халық артисі, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігі мәдениет комитеті төрағасының орынбасары. Жұмысшы топ жетекшісі: Библиография және ақпарат Орталығының ИНТЕРНЕТ секторының меңгерушісі: Н. А. Мұқанова. Мәтіндерді жасаушылар Н. А. Мұқанова, К. Аймұхамбетова, Г. X. Балабекова. Музыкалық шығармаларды түсіруші - С. Ж. Үйсінбаева. Суреттемелерді іріктеуші және түсіруші К. С. Асанова. Мәтіндерді аударушылар: Батыргереева А. (қазақ тілінде), Р. Б. Елекенова, Ж. Стамбекова, Қ. Ж. Бозымбеков. (ағылшын тілінде), Мәтін редакторлары: Н. А. Мұқанова, С. А. Тасыбаева, Г. X. Балабекова. (орыс тілінде); А. Т. Батыргереева, (қазақ тілінде). Гевин Хэлф (ағылшын тілінде). Техникалық кеңесшілер мен CD-ROM-ды бағдарламалы іске асырушылар: Н. В. Семенченко, Е. И. Капустин - мультимедиа -тренерлері.  

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009