русский english


Әбілтаев Шәміл - домбырашы, композитор-күйші. 1948 ж. Атырау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (Қ. Жантілеуов пен К. Мұхитовтың домбыра класын) бітірген. 1944 жылдан - Құрманғазы атындағы Халықаралық қор Президенті. Әбілтаев домбырада төрт жасынан бастап, ойнап келеді. Бірінші ұстазы-әкесі болған. Әбілтаевқа домбырашы ретінде қалыптасуына Көшелі, Кәмеш, Серкебай сияқты белгілі күйшілер үлкен ықпал еткен. Ол Құрманғазы, Дина, Абыл, Мәмен күйлерін сауатты орындайды. Соңғы жылдары композитор ретінде де таныла бастады. Ол - Қазақстандықтарға жақсы танымал күйлер мен әндердің авторы. Оның "Заман-ай", "Домалақ ана", "Шақшақ Жәнібек" сияқты күйлері, "Күй ата", "Ордабасы", "Аңсау", "Өріккүл" сияқты әндері көпшілікке белгілі.

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009