русский english


Біржан Тұрлыбайұлы Қожағұлов (1834-1897) - композитор, ақын. Домбыра құлағында ойнайтын, айрықша талантты Біржан кішкене кезінен-ақ халық арасында белгілі болады. Біржан шығармашылығының басты тақырыбы -махаббат. Оның "Айтбай", "Ғашығым", "Ғашық жыр", "Жамбас сипар" әндері ерекше шынайылығымен, сезімге құрылғандығымен, лиризмімен дараланады. Біржан шығармашылығының   мәні-   халықтығында, тақырыбының әрқилылығында, түрінің жаңалығында. Біржанның әндері халықтың ән өнерін жоғары деңгейге көтерді, өлеңдер мен айтыстардың орындалуына жаңа көркемдік мәнер енгізді. Біржанның өмірі мен шығармашылығы "Біржан мен Сара" сияқты танымал қазақ операсына арқау болған. Осында оның әндерінің барлығы дерлік орындалады. "Аңыздар" тарауында Біржанның "Жанбота" әнінің туу тарихы баяндалған.

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009