|
|
||
Қазақтың музыкалық мәдениеті
|
Брусиловский Евгений (1905-1982) - композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР-нің халық артисі, профессор ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын зерттеуге арнады. Ол - Н. Бөкейханов, Л. Мұхитов, М. Бөкейханов, И. Байзақов сияқты көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский - алғашқы қазақ операларын, симфонияларың ірі хорлық және кантата-ораториялық шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол- "Қыз Жібек", "Жалбыр", "Ер Тарғын" операларының, "Сары-арқа", "Целинная", "Құрманғазы" симфонияларының, кантаталарды, сюиталардың ои-ден аса әндер мен романстардың авторы. Е. Г.Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән. Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е. Г. Брусиловскийдің еңбегі зор.
|
||
|
© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz Design by Aysarov Shukhrat © 2009 |
|||