русский english


Естай (Беркімбайұлы) (1874-1946) - ақын, композитор, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Естай әндік-ақындық ортада өскең анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға.Оның "Жай қоңыр", "Наз қоңыр", "Майда қоңыр", "Хорлан","Сандуғаш", Түлнәр" әндері көркемділігімең саздылығымен дараланатын қазақ музыкасының інжу-маржаны. Классикалық "Хорлан" әні Естайдың есімін аңызға айналдырды. Бұл әннің әуені М. Төлебаевтың "Біржан - Сара", Е. Г. Брусиловскийдің "Ер Тарғын" операларында, С. Шабельский мен Л. Шаргородскийдің қобызға арналған концерттерінде қолданады. М. Әлімбаевтың "Естай - Хорлан атты поэмасы Естайға арналған. "Аңыздар" тарауында Естайдың Хорлан атты қызға ғашық болған махаббат тарихы баяндалады.

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009