Әзірбаев Кенен (1884 - 1976) - ақың композитор және жырау. Жыр алыбы Жамбылдың шәкірті және өнерін жалғастырушы. Ол - әуен тіліне көшірілген 150 өлең жазған тұлға. Кененнің әншілік өнермен даңқы шыққан. Ол өз шығармаларында Біржан сал, Ақан сері сияқты белгілі қазақ ақындарының ең үздік дәстүрлерін жалғастырушы. К. Әзірбаев шығармаларының басты тақырыбы - біртұтас халық өмірі, сондай-ақ, әрбір адамның жеке үміттері мен армандары. Ол 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа белсене атсалысты. Осы кезеңде дүниеге келген оның шығармалары "Бұлбұл", "16жыл", "Базар Назар","Әли батыр", "Қырғызбай" атты поэмалары көтеріліске қатысушыларды қанаттандырып, олардың рухтарын жігерлендірді, өз халқы мен жерін қорғауға үндеді. Әзероаевтың шығармашылығының азаматтық, рухани, лирикалық ырғақтары халық жүрегіне жол тауып, бүгінге дейін ұмытылмай келеді.
|