Әубакирова Жәния - пианист. Қазақстанның халық артисі, халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор. 1998 жылы Францияның өнері мен әдебиетінің үздік атағына ие болды. 1957 жылы Алматыда дүниеге келген. 1979 жылы П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын, 1981 жылы аспирантураны (профессор Л. Н. Власенкодан) бітірген. 1998 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының ректоры. Үлкен ағартушылық, орындаушылық қызметпен айналысады. Пианистің бай және әрқилы репертуарында шетелдік және отандық классикалық, алыс және таяу шетелдер композиторларының қазіргі замандық Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Классикалық музыкалық өнерді насихаттау мақсатында Әубәкірова 1998 жылы "Классика" Музыка агенттігін құрды, ол Қазақстанның жас өнерлі таланттарының эстрадалық концерт аренасына шығуын қамтамасыз етеді, жарнамалайды.
|