Ахмедияров Қаршымбай - күйші, композитор. Қазақстанның халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, "Парасат" орденінің кавалері. 1946 жылы Гурьев облысында туған. Алматы консерваториясын, халық аспаптар факультетін (К. Мұхитовтың класы бойынша) бітірген. Ол домбырашы, концертмейстер, Құрманғазы атындағы Қазақтың академиялық халық аспаптар оркестрінің көркемдік Кеңесінің мүшесі. Ахмедияров репертуарында қазіргі және халық композиторларының шығармалары, орыс және шетелдік классикалық шығармалары бар. Ол қазақ халық композиторларының көптеген шығармаларын өңдеуші және жаңа қырынан танытушы болып табылады. Қ. Ахмедияров 50-ден аса күй шығарғаң оның ішінде жақсы белгілері "Нарын", "Қуаныш", "Ақ қаиың , " Желдірме " , "Сағыныш" және т. б. Ахмедияров - қазақ күйлерін орындау мәнерімен әлем жұртшылығын тәнті еткен өнер иесі.
|