русский english


Байсеиітова Күләш (1912-1957) - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және Қазақ драма театры жанындағы музыкалық -драмалық студияда оқыған. Байсейітова - қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы - Баттерфляй (Дж Пуччинидің "Чио-Чио-Сан", Татьяна (П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегині") т. б. партияларды орындады. Байсейітова - сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Аймаң И. В. Коцыктың "Айман-Шолпанындағы" Айман, Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек" және тағы басқалары.1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009