Баспаев Жамбыл - виолончелист. Қазақстанның халық артисі. 1938 ж. Мәскеу қаласында туған. Білімді П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық училищесінде, П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясында (профессор С. 3. Аспамазяннан және профессор М. А. Растроповичтен (аспирантура)) алған. Жамбыл Баспаевтың репертуарында музыка мәдениеті классиктерінің үш жүзден аса шығармалары бар. Оның репертуарында сондай-ақ, Қазақстан композиторларының шығармалары да ерекше орын алады. 1965 ж. Ж. Баспаев Қазақстан виолончелистерінің ансамблін ұйымдастырады, қазіргі кезге дейін өзі оған басшылық жасайды. Жамбыл Баспаев орындаушылық қызметін дәріскерлікпен тығыз байланыстырады. 1965 жылы ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында еңбек етіп келеді. Профессор қазақ музыкасының материалдары негізінде жазылған ғылыми әдістемелік құралдардың авторы.
|