русский english


Бисенғалиев Марат - скрипкашы. 1962 ж. Алматы қаласында туған. Бірінші көпшілік алдындағы концертін 9 жасында ойнаған. 1980 жылы ол Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына, мұнан соң П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Көптеген халықаралық конкурстардың лауреаты. 1990 жылдан Англияда тұрады. Осы уақыттан бастап, белсенді концерт берумен айналысады. 1996жылы Нью-Йорктің Барбикан Холында Англияның камералық оркестрімен берген концерті оның халықаралық скрипка жұлдызы ретінде қалыптасуындағы шешуші кезең болды. Ол ірі әлемдік музыка жазбаларымен айналысатын компаниялармен тұрақты келісім шарт жасасады. Қазіргі кезде Марат Бисенғалиевті әлемнің танымал сыншылары мойындап отыр. Оны "Қазақстанның бейбітшілік   елшісі' деп атайды.

 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009