русский english


Ғабдиев Рысбай - домбырашы, дирижер. Қазақстанның халық артисі. Көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты. 1937 жылы Атырау облысында туған. Әл-Фараби атындағы мәдениет институтының сырттай бөлімін, Алматы музыкалық училищесін бітірген. 1990 жылдан - Атырау облысының Дина Нұрпейісова атындағы халық аспаптары оркестрінің бас дирижеры және көркемдік жетекшісі. Ғабдиев шығармашылығының негізін күйтабақтарға жазылған қазақ халық композиторларының (Құрманғазы, Дина, Дәулеткерей, Абыл ) күйлері құрайды. Қазақ теледидарының алтын қорына оның екі концерті енген. Ғабдиев концерттік бағдарламамен Қазақстанның және шетелдердің көптеген қалаларында болды. Ол - шығармашылықты дәріскерлікпен бірдей алып келе жатқан алғыр жан. Ғабдиев Атырау педагогикалық институтында жұмыс істейді және домбыра тартуды үйрету жөніндегі көптеген кітаптардың авторы.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009