русский english


Дінішев Әлібек - әнші (тенор). Қазақстанның және ССРО-ның халық артисі. Көптеген халықаралық фестивальдер мен сайыстардың лауреаты. 1951 жылы Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокальды факультетін Н. А. Шариповтың класы бойынша бітірген. Жамбыл атындағы Қазақтың Мемлекеттік филормониясының солисі болып жұмыс істегең 1978 жылдан - Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі. Дінішевтің орындау өнері нәзіктілігімен, даусының сұлулығымен, айрықша лиризммен ерекшеленеді. Оның репертуарында Ленскийдің (П. И. Чайковскийдің "Евгений Онегині") Владимирдің ( А. П. Бородиннің "Князь Игорі"), Айдардың ( А. Жұбанов және Л. Хамидидің "Абайы") ариялары, қазақтың халық әндері, қазақ композиторларының шығармалары, әндері мен романстары, шетел композиторларының шығармалары бар. 1997 жылы Ә. Дінішев "Әлібек Дінішевтің вокал Академиясын" құрды.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009