Досымжанов Байғали әнші (тенор), режиссер - қоюшы. Қазақстанның халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1921 ж. Семей қаласында туған. П. И. Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын және Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1941 жылдан -Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының солисі. Байғали - шырқау мүмкіндігі аса жоғары әнші. Ол - М. Төлебаевтың "Біржан мен Сара" операсындағы Біржан, Е. Рахмадиевтің "Қамар сұлу" операсындағы Ахмет, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абай" операсындағы Абай партияларын орындаушы тұлға. Б. Досымжановтың әндік репертуары аса бай: Ол қазақтың халық әндері мен ("Дударай", "Ақбақай", "Көзімнің қарасы", "Сырымбет", "Бұрылтай" және т. б.) қоса, қазіргі композиторлардың әндері мен романстарын да қамтиды.
|