Есімов Ғафиз - әнші (лирикалық баритон). Қазақстанның халық артисі. 1947 жылы Атырау облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерватоиясының вокальды - хорлық факультетін бітірген. 1975 жылдан -Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік опера және балет театрының солисі. Ғ. Есімов Абай ("Абай" А. Жұбанов пен Л. Хамиди), Думан (Е. Г. Брусиловскийдің "Дударайы"), Алпамыс (Е.Рахмадиевтің "Алпамыс"), Құрманғазы (А. Жұбанов пен Г. Жұбанованың "Құрманғазы"), Махамбет (Б.Жұманиязовтың "Махамбеті"), Жермон (Дж. Вердидің "Травиатасы") және т. б. партияларды орындады. Ол сонымен бірге, қазақтың халық әндері мен қазақ композиторларының романстарын орындаушы. Ғ. Есімов творчествосы орындаудың жоғары мәнерімен, руханилығымен, нәзік лиризмімен, ашық әуенділігі, артистік темпераментімен ерекшеленеді.
|