русский english


Жүнісова Мақпал - әнші (драматикалық сопрано). Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1963 жылы Қарағанды облысында туған. А. Жұбанов атындағы қазақ музыкалық мектеп-интернатын және Әл-Фараби атындағы Шымкент мәдениет институтын бітірген. Шығармашылық қызметін Түлдер" ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы болып бастаған, мұнан соң Қазақконцерт бірлестігі жанынан "Назерке" ансамблін ұйымдастырады. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, қазіргі замандық қазақ композиторлары Ш. Қалдаяқовтың, Ә. Бейсеуовтың, Б. Тәжібаевтың, Е. Белғозиевтің шығармалары бар. Мақпал Жүнісованың орындауындағы "Ғашық жүрек", "Қыз ғұмыр", "Фариза қыз", "Қоштасу" әндері халық сүйіктісіне айналды.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009