русский english


Қадырбекова Гүлжәмилә - пианист, Қазақстанның халық артисі. 1949 жылы Алматы қаласында туған. 1967 ж. К. Байсейітова атындағы музыкалық мектепті бітіріп, П. И. Чайковский атындағы Москва мемлекеттік консерваториясына түскен. Профессор, РСФСР-дің еңбек сіңірген артисі Г. Акселородтың арнайы фортепьяно класы бойынша оқыған. Консерваторияны бітірген соң аспирантурада оқуын жалғастырды, 1980 жылы Верчелли қаласындағы (Италия) Виотти атындағы пианистердің Халықаралық конкурсына қатысып, 1- ші сыйлықты және лауреат атағын алды. 1993 жылы Парижде өткен Француз фортепьяналық музыкасының конкурсына жюри мүшесі ретінде қатысты.1994 ж. Г. Қадырбекова жеке концертпен Париж қаласына шақырылды. Австрияға, Францияға, Венгрияға, Кипрға, Ресейге және Қазақстан қалаларына концерттік сапармен шықты. Қазіргі кезде Г. Қадырбекова Құрманғазы атындағы Мемлекеттік консерваторияның арнаулы фортепьяно кафедрасында профессор және К. Байсейітова атындағы музыкалық колледждің арнаулы фортепьяно факультетінің деканы.

 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009