Қарабалина Бақыт (1939-1991) - домбырашы. Қазақстанның халық артисі. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. Атырау облысында туған. 1965 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптар факультетін (А. Жұбанов пен Л. Мұхитовтың класы бойынша) бітірді. 1960 жылдан бастап, Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестршің домбырашы- солисі. Оркестрдің құрамында ол әлемге қазақтың домбыра музыкасының сұлулығын танытты, көптеген елдерде өнерлік іссапарларда болды. Ол - қазақтың халық композиторлары: Құрманғазының, Сейтектің, Дәулеткерейдің, Мәменнің, Қазанғаптың күилерш орындаушы. Бақыт Қарабалинаның орындауында күйлер ерекше тереңдігімен айрықшаланады. Оның репертуарында қазақ және шетелдік композиторлардың шығармалары бар.
|