русский english


Кәрменов Жәнібек (1949-1992) - әнші. Қазақстанның еңбегі сіңірген артисі- жазушы. 1949 жылы Семей облысында туған. С. М. Киров атындағы Қазақтың мемлекеттік университетін, Республикалық эстрадалық студиясын Жүсіпбек Елебековтың класы бойынша бітірген. Ол Жәнібекке балалық шағынан бастап, халықтық әуенге деген сүйіспеншілікті оятты. Ж. Кәрменов - қазақтың халықтық орындау мектебінің көрнекті өкілдерінің бірі. Ол - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының халықтық ән кафедрасын құрудың бастамашысы және оның меңгерушісі болды. Ж. Кәрменов фольклор мен ән шығармашылығы туралы ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. "Асыл мұра" телевизиялық хабарлар циклында қазақ музыкасы туралы әңгімелей отырып, ол жоғары шеберлікпен Ақанның, Біржанның, Мұхиттың әндерін орындады. Ақтамберді, Бұхар жырау мен Шәкәрімнің шығармаларын тұңғыш рет Ж. Кәрменов орындады.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009