Қойшыбаева Зейнеп әнші. Қазақстанның халық артисі. 1937 жылы Алматы облысында туған. Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының вокальдық студиясын бітірген. 1958 жылдан - театр солисі. Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібек", "Ер Тарғын", "Жалбыр" операларында, А. Жұбанов пен Л. Хамидидің "Абайында", М. Төлебаевтың "Біржан мен Сара" операларындағы партияларды орындады. 1967 жылдан -Қазақтың радио мен теледидары жанындағы камералық оркестр солисі. Қазір ол Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрадалық-цирк өнер колледжін басқарады. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының әндері бар. Зейнеп Қойшыбаеваның қайталанбас дауысы, орындау мәнерінің ерекшеліп, сахналық біліктілігі оны басқа әріптестерінен айрықша даралайды.
|