русский english


Кұрманғалиев Ғарифолла (1909-1993) - әнші (тенор). Қазақстанның халық артисі, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Орал облысында туған. Оның творчестволық қалыптасуына халық композиторы Мұхиттың шәкірттері Шынтас пен Шайқы үлкен ықпал еткен. Ғ. Құрманғалиев -ұлттық опералық өнердің негізін салушылардың бірі. Ерекше дауысты жеке ән айтушы әртістен ол атақты опералық орындаушы дәрежесіне дейін өсті. Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрында ұзақ жыл жұмыс істей отырып, ол "Жалбыр", "Ер Тарғын", "Қыз Жібек", Е. Брусиловскийдің "Айман- Шолпан", М. Төлебаевтың "Біржан -Сара" операларындағы образдардың біртұтас галереясын жасады. Оның репертуарындағы "Айнамкөз", "Ісмет", "Боз жорға" сияқты халық әндерінің , "Ақ Жайық", "Нұржамал", "Аққу" сынды өз әндерінің орны бөлек.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009