Мырзабекова Гауһар - скрипкашы. Қазақстанның халық артисі, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. 1956жылы Алматыда дүниеге келген. 1980 жылы М әскеу консерваториясын (Профессорлар Д. Ф. Ойстрах пен О. В. Крысаның скрипка класы бойынша) бітірген. 1986 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақтың мемлекеттік филормониясының солисі. 1998 жылдан-"Камерата" классикалық музыкалық ансамблінің негізін қалаушы, директоры, көркемдік жетекшісі және солисі. Г. Мырзабекованың репертуарында Л. Бетховеннің, И. Брамстың, С. Прокофьевтің, сондай-ақ, көптеген қазақ композиторларының шығармалары бар. Дарқан сезім, ашық әуезділік, артистік еркіндік және қиялға ерік беру - Гауһардың шығармашылық мәнерінің ерекшелігі. Оның шығарылымдары орындау әдісінің көп қырлылығымең сезінумең романтикалық толғаныспен дараланады.
|