русский english


Қурманғазы атындағы Қазақтың Мемлекеттік халық аспаптар оркестрі 1934ж. домбыралық ансамбль ретінде ұйымдастырылған, құрамы 11 адамнан тұрады. Бірінші рет оның репертуары қазақ музыкасына құрылған. Қазір оның құрамында 90 адам бар, аспаптары - домбыра, қобыз, сазгең сырнай, сыбызғы, жетіген және басқалары. Оркестрдің алғашқы жетекшісі композитор және фольклорист Ахмет Жұбанов болған. Оркестрге әртүрлі уақытта композиторлар М. Төлебаев, Н. Тілендиев, Ш. Қажығалиев дирижерлік еткен. Ансамбль репертуарында отандық және шетелдік композитор - классиктердің: Құрманғазының, Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Дина Нұрпейісованың, Л. Хамидидің, Ғ. Жұбанованың, Е. Брусиловскийдің, Ф. Шуберттің, М. Глинканың, П. Чайковскийдің, И. Глазуновтың, В. Брамстың және т. б. 2000 жуық шығармалары бар.Оркестрге жұмсақ дыбыстық үндестік, бай көркемдік бояу, пассаждарды орындау жеңілдігі тән.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009