Рүстемов Мұхамеджан - халық композиторы, әнші, термеші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері. 1932 жылы Қызылорда облысында туған. Алматы жоғарғы партия мектебінде оқыған. Рүстем - 50-ден аса әннің авторы. Олардың ішінде белгілілері: "Қимаймын", "Ақ халатты абзал жандар", "Сағыныш", "Айтолқын", "Ақ босаға", "Армысың бауырларым алыстағы" және тағы басқалары. Рүстемов ақын және композитор Нартай Бекежановтың шығармашылығын зерттеуші ретінде белгілі, ол 1983 жылы Нартай атты құжатты повесть жазды, "Нартай" әуендері, Н. Бекежановтың музыкалық және поэтикалық мұрасы туралы "Терме" телехабарлар сериясын ұйымдастырды. Рүстемов сондай-ақ, Нартай шығармаларын үздік орындаушы ретінде де көпке танымал.
|