Рымбаева Роза әнші. Қазақстанның халық артисі, халықаралық конкурстардың лауреаты. 1957 жылы Семей облысында туған. Алматы қаласындағы театрлық - көркемдік институттың музыкалық - драмалық комедиясы факультетін бітірген. 1976-1979 жж.. - Республикалық Түлдер" жастар - эстрадалық ансамблінің солисі, 1979 жылы - "Қазақконцерт" бірлестігі жанындағы "Арай" эстрадалық ансамблінің солисі. Әншінің халықаралық белгілі болуы С. Бәйтерековтың "Әлия" әнін орындауынан басталады. Оның орындауындағы қазақ композиторлары Т. Ерешевтің Түлдене бер, туған жер", Н. Тілендиевтің "Куә бол", Б. Байқадамовтың "Айгөлек", Ж. Тұяқбаевтың "Атамекен", Т. Сарыбаевтың "Отандастар" әндері тыңдаушылардың үлкен ықыласына бөленген. "Бір бала", "Сәулем-ай", "Кебек", "Назқоңыр", "Әгугай" және т. б. сияқты халық әндерін ол өзіндік ерекшелікпен орындайды. Р. Рымбаева сондай-ақ, киноактриса ретінде де танымал.
|