Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі ҚР еңбек сіңірген ұжымы. 1958 жылы Жамбыл атындағы Қазақ филармониясының құрамында ұйымдастырылды. 1983 жылдан дербес көркемдік ұжым. Қазақстандық композиторлар: А. Жұбановтың "Жігер", Е. Г. Брусиловскийдің 7, 8 симфонияларын, Е. Рахмадиевтың "Думан", "Құдаша", "Дайрабай" күйлерін және т. б. шығармаларын тұңғыш орындаушы. Оркестр шетелдік музыка мәдениеті классиктерінің симфониялық шығармаларын, Д. Д. Шостаковичтің 15 симфониясын, 17-18 ғғ.. ескі әуендердің(Вивальдидің, Коррелидің, Бахтың, Гендельдің) және т.б. шығармаларын орындады. 1987 жылдан Қазақстанның Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі және, бас дирижері - Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Т. Әбдірашев.
|