русский english


Төлегенова Бибігүл - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). Қазақстан мен ССРО-ның халық артисі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1929 жылы Семей қаласында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Әнші репертуарында қазақтың халық әндері, вокальдық классика шығармалары, қазіргі замандық композиторларының романстары, әндері бар. Б. Төлегенова ұлттық опера өнерінің дамуына зор үлес қосты. Ол Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының, Жамбыл атындағы қазақтың мемлекеттік филармониясының солисі. Ең үздік партиялары: Жібек (Е. Г. Брусиловскийдің "Қыз Жібегі"), Гүлбаршын (Е. Рахмадиевтің "Алпамысы"), Еңлік (Ғ. А. Жұбанованың "Еңлік-Кебегі") және т. б. Б. Төлегенова сондай-ақ, "Дала қызы", "Біздің сүйікті дәрігер", "Бұл Шұғылада болған", "Тақиялы періште" кинофильмдерінде ойнады.

 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009