русский english


Хамзин Мағауия - домбырашы, композитор - күйші, ҚазССР-нің халық артисі. 1927 жылы Жезқазған облысында туған. Алматы музыкалық училищесін бітірген, Хамит,
Әшірбек, Аққыз сияқты әнші-күйшілерден домбыра өнерін үйренген. М. Хамзин репертуарында Тәттімбеттің "Саржайлау" күйі, Тоқаның, Дайрабайдың, Аққыз бен
Қазақстанның басқа халық композиторлардың күйлері бар. Ол шертпе күйдің шебері. М. Хамзин Моцарттың, Брамстың, Рахманиновтың классикалық шығармаларын тұңғыш рет домбырада орындаушы. Композитор-күйшінің домбырасы да оның орындау мәнері сияқты-ерекше құрылымды , үшбұрышты және толық дауысты. Хамзиннің шығармашылығы қазақстандықтар арасында жақсы танымал әрі сүйікті. Оның шығармаларынан белгілілері: "Қос басарҮКосманавтар", "Жайлау","Жарыс", "Жас қазақ" күйлері және басқалары.

 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009