Есқалиев Әзидолла - домбырашы. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры. 1934 жылы Гурьев облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1960 жылы Қазақконцерттің солист-домбырашысы болып жұмыс істейді. Ә. Есқалиев орындаушылық шеберлігі жоғары; танымал концерттік орындаушы. Ә. Есқалиевтің орындауындағы музыкалық шығармалар радио мен теледидардан тұрақты беріліп тұрады. 17 күйтабағы шығарылған, олар Қазақстанның алтын қорына енген. Ә Есқалиев. - талантты педагог, қазақтың ұлттық музыкалық дәстүрін жетік біледі. Оның ғылыми -педагогикалық қызметі домбыралық орындау шеберлігі мәселелерін, домбырада күй орындаудың жүйеленген қағидаларын қамтиды. Ә. Есқалиев - көптеген өнер ұжымдары мен солистер орындайтын күйлердің авторы.
|