русский english


Ахметова Мәрия музыкатанушы, өнертану ғылымының докторы, Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты. 1921ж. Жамбыл облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын тарихи - теориялық факультетін, мұнан соң П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясын бітірген. Ахметова-Қазақстан композиторларының вокальды-хорлық шығармалары және халықтық-әндік фольклор бойынша монографиялар авторы, ол сондай-ақ, халықтық және композиторлық стильдің өзіндік жақтарын көрсете отырып, шығармалардың эстетикалық және көркемдік мәнін ашу, кәсіби музыкалық жанрдың дәстүрлі және жаңашылдық мәселелері туралы жазды. Ахметованың қаламынан сондай-ақ, қазақ халық әндерінің көкейтесті мәселелеріне арналған ірі монографиялар дүниеге келді. Шығармалары: "Қазақтың әндері", "Ән және қазіргі заман", "Қазақтың ән мәдениетінің дәстүрі", "Музыканың сұлу әлемі" және т. б.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009