Ерзакович Борис (1908-1997) - композитор, өнертану ғылымының докторы, профессор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері. Омбы музыкалық техникумын, сонан соң Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Ерзакович творчестволық және ғылыми жүмысын пианист және Алматыдағы Қазақ радиокомитеті жанындағы қазақ музыкалық редакциясының музыкалық редакторы болып бастаған. Бірнеше жыл бойына ол радиодан берілген әншілер мен аспапшылар музыкасын жазып алады, Қазақстан облыстары бойынша ол екі мың жарым халықтық ән мен күйлерді жазып алып, оларға толық ғылыми төлқұжат берді. Жиналған материалдар мен оларды жүйелеу негізінде Ерзакович этнографиялық бірнеше жинақ шығарды. Қазақтың халық музыкасы Ерзаковичтің ғылыми зерттеуінің негізгі тақырыбы болды. Ол қазақтың халық музыкасының тарихы мен теориясы жөніндегі бірнеше еңбектің авторы, мұнда ол қазақтың ән шығармашылығының жанрын жіктеп көрсетеді, музыкаға эпикалық және тарихи баяндамалар, қазақтың ән әуенінің ұлттық ерекшелігі теоретикалық негізделген, халық композиторларының көбінің шығармашылығына сипаттама берілген. Қазақтың кәсіби музыкасы туралы оның еңбектерінің маңызы аса зор. Борис Гиршевич - Қазақстанның музыкалық өнерінің тарихы жөніндегі сүбелі еңбектердің авторы, олардың ішінде - "Қазақ халқының музыкалық мұрасы", "Қазақ музыкатанымының бастауында" монографиялары, музыкалық -этнографиялық жинақтар Абай, Ыбырай, Ақан- сері, Біржан сал, Мұхит, Жаяу Мұса және басқалар шығармаларына арналған. Борис Гиршевич ғылыми - зерттеу жұмысын композиторлық шығармашылықпен қатар алып келе жатқан тұлға. Оның симфониялық және камералық шығармалары, оның өңдеуіндегі қазақтың халық әндері, спектакльдерге жазылған музыкалары көпшілікке жақсы танымал.
|