русский english


Кельберг Анатолий - музыкатанушы, лектор. 1929 ж. Ленинград қаласында туған. 1951 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (профессор П. В. Аравиннің класы) бітіріп, 1959 ж. дейін музыка тарихынан дәріс береді. 1959 жылдан қазіргі кезге дейін - дәріскер болып еңбек етіп келеді. Кельберг классикалық және қазіргі замандық, шетел, қазақ, орыс музыкасының белсенді насихаттаушысы, шешендік өнердің шебері. Кельберг радиодан, теледидардан тұрақты түрде музыка туралы хабарлар жүргізіп тұрады, Анатолий Витальиевичті сондай-ақ, белгілі - белгісіз музыкалық шығармалар туралы қызықты және мазмұнды әңгімелерін тыңдау үшін ұйымдар мен мекемелерге де жиі шақырады. Кельберг уақыт пен бір үндестікте бола тұрып, еліміздің музыкалық өмірі туралы тұрақты түрде хабарламалар жасайды. Оның лекторлық тәжірибесінде композиторлық және орындаушылық шығармашылықтың көкейтесті мәселелеріне, қазақтың қазіргі замандық музыкасын танытуға айрықша мән берілген. Кельберг шығармалары тек мамандарға ғана емес, музыканы бағалаушылар мен сүюшілерге де етене жақын, себебі, олар музыкатанулық зерттеулерден гөрі көркем шығармалар сынды оқылады. Мысалы: "Е. Г. Брусиловский", "Сиқырлы дыбыс әлемінде", "Музыканы қалай тыңдауға және түсінуге үйренуге болады?", "Вальс кеші", радио және телехабарлар: "Музыка әлемінде", "Біздің музыкалық галереямыз", "Қазақ операсының тарихи жолы", "Ұлы орындаушылар", "Музыкалық аспаптар туралы әңгімелер", "Музыкалық қонақжай", "Уақыт және музыка".
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009