русский english


Бөрібаев Алан - скрипкашы, дирижер. 1979 жылы Алматы қаласында туған. Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыкалық колледжді скрипка класы бойынша бітіргеннен кейін, опералық - симфониялық дирижерлік (профессор Т. Әбдірашевтің класы) және скрипка (профессор А. Мұсаходжаеваның класы)   мамандығына Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясына оқуға түседі. Оқуын Қарағанды филармониялық оркестрінің екінші дирижері мен Астана қаласындағы Қазақтың ұлттық академиялық оркестрінің шақырылған дирижері қызметтерімен ұштастырады. Халықаралық конкурстар мен фестивальдер дипломанты. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестріне, Абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театрының оркестріне, "Солистер Академиясы" Мемлекеттік камералық оркестріне дирижерлік етті.

 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009