Еңсепов Асылбек - домбырашы. 1980 жылы Ақтөбе қаласында туған. А. Жұбанов атындағы музыкалық мектепті бітірген. Қазір Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті. Асылбек - көптеген фестивальдер мен конкурстардың лауреаты (Түркияда, Францияда). 1992 жылы ол "Жаңа есімдер" Қазақтың мәдениет қорының стипендиаты болды. 1998 жылы "Ыстық көл" эстрадалық және фольклорлық халықаралық музыка сайысының Гран - приі, 1998 жылы Құрманғазы атындағы Халықаралық конкурстың сыйлығын алды. 1998 жылы "Шабыт" Республикалық шығармашылық жастар фестивалінің жеңімпазы болу - оның көп қырлы талантын танытады. 1998 жылы Еңсепов Асылбекке Қазақстан жастар Одағының сыйлығы берілді.
|