русский english


Қалиева Ботакөз - виолончелист. 1978 жылы Алматыда туған.К. Байсейітова атындағы республикалық музыкалық мектебін бітірген. Қазір - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті. Ботакөз Қалиева - көптеген конкурстар мен фестивальдердің лауреаты: 1994 жылы XVI Республикалық жас орындаушылар конкурсы, 1997 жылы Кишинев қаласында өткен жас орындаушы музыканттар - халықаралық конкурсының жеңімпазы, Алматы қаласында өткен Ғ. Жұбанова атындағы Гран-при жүлдесінің иесі. Ол студенттік оркестр концертмейстері, М. Төлебаев атындағы стипендиат. Ботакөз аса сезімтал, сондықтан да сахналық өнері де шығарма мәнін көрерменге нәзік жеткізуге бағытталған. Ол сонымен қатар, ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрдің солисі.

 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009