русский english


Шаңқобыз тілдік аспаптар тобына жатады. Бұл аспап әртүрлі атпен (Варган, темір қомыз, шаңқобыз және басқалары) көптеген халықтарда, кездеседі. Ол якуттарда, тувалықтарда, хакастарда, қырғыздарда, түркмендерде, өзбектерде, қарақалпақтарда, дұнғанда, башқұрда, қалмақтарда, украиндықтарда, орыстарда және басқа халықтарда бар. Шаңқобыздың құрылымы қарапайым. Ол кішкентай доға түрінде бастары жіңішкеріп келетін темір аспап, бұл доғаға жұқа темір серіппе бекітіледі. Шаңқобызды ерінге қойып, ойнайды. Дыбыс серіппенің тербелісі арқылы шығады. Ауыз қуысы аспап резонаторын атқарады. Шаңқобызды осы жүзжылдықтың 40 жылдарына дейін Қазақстанда кездестіруге болады.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009