русский english


Дина Нұрпейсованың "16 жыл" күйі

1916 жыл оқиғасы Дина Нұрпейісованың санасына айрықша із қалдырады. Патша үкіметі тыл жұмысына басқа ұлт өкілдерінің 18 бен 43 жас аралығындағы ер - азаматтарын алу туралы шешімінен кейін Қазақстанның көптеген жерлерінде "жұмысқа алуға" қарсы көтерілістер пайда болды. Көтерілісшілер сонымен бірге, дүние жүзілік соғыс кезінде күшейе түскен бай-феодалдардың да зорлық - зомбылығына, еңбекшілерді пайдалануына қарсы шығады. Әскерге алу - қазақ еңбекшілері үшін жергілікті байлар мен феодалдардың патша басбұзарларынан да өткен күшті дұшпан екендігін көрсетті. Байлар, молдалар, болысты басқарушылар, билер, старшиналардың балалары тыл жұмысына жіберілмеді. Олардың орнына байлар жасы мен семьялық жағдайы келмейтін кедейлер мен батырақтардың балаларын жіберді. Көтерілістің басында Аманкелді Иманов сияқты халықтың батыр ұлдары болды. Қазақтың халық ақындары         мен композиторлары халықтың қайғысы мен жан ызасынан сырттап қала алмады. Олар дала басына түскен бұл ауыр жағдай туралы көптеген шығармаларды дүниеге әкелді. Үкіметтің жазалау отрядтарының көтерілісті басу және оған қатысушыларды жазалау шараларына қарамастан, қазақ даласына патша үкіметінің құлайтындығы туралы сыбыс келе бастады. Бұл мұғалімдер, студенттер, империалистік соғыс даласынан кеткен орыс жұмысшылары мен солдаттары арқылы тарады. 1916 жылдың жазы мен күзі бойына ауылдар арасында салт аттылар жүрді. Олар патша үкіметінің құлайтындығын мәлімдеп, "сүйінші" сұрап жүрді. Олар енді ел азаматтарының             тыл             жұмысына алынбайтындығын, патша жарлығының айнығанын айтып, қуанышты хабар таратты. Динаның Жұрынбай деген баласы да тыл жұмысына алынады, Дина осы 1916 жыл оқиғасына арналған "Жинақ" атты күй шығарады. Халық арасына бұл күй "Он алтыншы жыл" деген атпен таралған. Осы тақырыпқа арналған басқа халық композиторларының             осы             аттас шығармаларынан Динаның          күйінің айырмашылығы мұнда не өкініш, не арыз, не жабығу жоқ. Бұл күйде көтеріліске шыққан аттың дүрсілі, ақпатшаны құлату туралы хабарды естіген халық қуанышы бар. Күй басынан аяғына дейін көтеріліске шыққан халықтың күші мен мойынсұнбайтындығын аңғартады. Бұл күй арқылы Дина болашаққа, халыққа сенімді білдірген. "Он алтыншы жыл"-көтерілісшілердің әскери ұраны, ат дүбірі, халық санасының бірге оянуының әуені.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009