|
|
Біржан Салдың "Жанботасы"
1865 жылдың жазы. Көкшетау қаласында ерекше қарбалас: қала Омбы қаласынан келетін генерал -губернаторды күтуде. Кездесуге соңғы дайындықтар жасала бастады. Қала сыртындағы кең алаңқайға құрметті қонақтарға арналған аппақ киіз үйлер тігілген. Уездің барлық жақсы мен жайсаңдары, байлар мен билер осы жерге жиналған. Мақтанды сүйетін болыс Ақсары Жанбота да сыйлы қонақты күтуге бар өнерін жұмсауда: киіз үйін қатарластарынан әрірек тігіп, етті еңісте дайындауды бұйырды, сойылған малдың иіс- қоңысынан, түтіннен қонақ қашық болсын дегені. Болыс басқарған жылдары халық салық салмағанынан қатты күйзелді. Бірақ, Жанботаның онда не шаруасы бар?! Ол генерал-губернаторға өзінің байлығын және жомарттығын, ақ патшаға берілгендігін көрсетуі қажет. Құрметті қонақ үшін халық игілігін аяп несі бар?! Жанботадан қалысқысы келмей жанталасқан тағы бір болыс - Азнабай. Ол бірнеше киіз үйді, бір қатарға қойды. Қалың кілемдер төселді. Ғасыр бойына қазақ рулары, болыстар мен ауылдар бір - бірімен жауласып келді. Азнабайдың айналасында көршілес орналасқан Жанботаны мұқатпақ болған жігіттер жабылып, Азнабайға көмектесіп жүр. Екі жауласушы байдың ырың - жырыңына көзі ашық қазақтар да отқа май құйғандай қылып, қастандықтарын күшейте түсті. Барлығы жүгіріп, мазасызданып, әлем - тапырақ күйге енді. Табиғатта ғана салмақтылық, тыныштық бар. Жақын арада жаңбыр жауып өткендіктең жер жаңарып, шаң басылып, күн шыққан соң, таза, дымқыл ауаның иісі төңірекке таралды. Осы кезде Жанботаның киіз үйінің бірінен ән дауысы естілді. Барлығы сілтідей тынып, тыңдай қалды. Мұндай әнші осы өлкеде жоқ болатын. Оның дауысы барлығын таңсық етті. Жанбота да киіз үйінде отырып, ашық дауысты әншіні ерекше ықыласпен тыңдады. Әншінің дауысы екі байдың арасындағы кикілжіңді мүлдем ұмыттырды. Азнабайдың жігіттері Жанботаның киіз үйіне жақындап, демдерін ішіне тартып, әншіні тыңдады. Бұл Азнабайдың ерекше ызасын келтірді. Мұның үстіне ол әншінің өзінің отауына емес, қарсыласына тоқтағандығына ренжіді. Азнабай сол айналадан өзінің жігіттерін қуу үшін шабарман жібереді. Азнабай шабарманды тағы шақырып алады: - Бар да,, әншіні маған алып кел, - дейді ол, - Менің үйімде ән салсын. Мен Жанботадан үш есе артық төлеймін. Тыңдамаса, оған не істеу керектігін, өзің білесің! Шабарман әнші отырған киіз үйге келіп, әдеппен амандасады. Дәстүр бойынша, қонаққа орын ұсынылды. Шабарман тізесін бүгіп, Азнабайдың сәлемін жеткізді. Әнші үндемеді. Ол әнді әлгінде ғана аяқтаған, әуен құдыретінен әлі шыға алмай отырған сияқты. Сонан соң күлімсіреді де қайтадан ән айтуға көшті. Шабарман үнсіз күтті. Ән біткен соң, өз қожайынының бұйрығын қайталады. Әнші Азнабайдың шабарманға өзінің осында бағалы сыйлықтар алу үшін емес, ән айтуға келгендігін, бұл үйден ешқайда бармайтындығын мәлімдеді. Шабарман мұндай жауаптан соң, әншіні қамшымен екі рет ұрып, оның домбырасына жармасты. Шабарманнан жиналғандар домбыраны тартып алып, киіз үйден қуып шығады. Шабарман аузына келгенді былапыттап, келген жағына кетті. Әнші қатты қорланып, қор болды. Ол өзінің жан серігі домбырасын алып, Жанбота отырған киіз үйге келеді. Рұқсат сұрамастан, әнші үйге кіріп келіп, реніш пен күйінішке толы ащы дауыспен әндете жөнелді. Ән - найзағай, ән - әншінің жан айғайы, тапталған ардың күйзелісіндей болды. Көпшілікті бұл отты ән ерекше толқытты. Азнабайдың қамшысы әншіні ғана емес, қасқыр әлемдегі көпшіліктің де құқықсыз екендігін көрсетті, әнші бейнесіндегі халық атына жұмсалған қамшыдай, соққыдай болды. Әнші қамшы соққысына әнмен қайтарым берді. Жанбота әншіні тыңдай отырып, бір қызарып, бір бозарды, адамдар әннің дәл нысанаға тигендігін сезді. Болыс әншіге барлық денесімен бұрылып, шел басқан көзін көтеріп, бар даусымен: Болды! Қысқарт! Ұлығаныңды қой! Арызданғышын көрдің бе! - деді. Әнші мүдіріп, болысқа қарады. Кінәлі әншіні қамшымен ұрғызған Азнабай емес, болысқа шағымдаған әншінің өзі болып шықты. Бұл сөздерден соң әнші әнін тағы бір рет айтты да, бұрылып, киіз үйден шығып жүре берді. Біржан бұрынғы киіз үйге қайта оралып, киініп, жиналғандармен қоштасып, жолға шықты.
Жанботам, осы ма еді өлген жерім,
Көкшетау боқтығына көмген жерің?
Кісісін бір болыстың біреу сабап,
Бар ма еді статияда көрген жерің?!
|