русский english


Әндер - шығармалар - айтыстар


Айтыс - қазақ ақындарының көпшілік алдындағы жарысы, айтысушылардың өлеңмен сайысы. Халық жадында қалған ақындар айтысы әнмен айтылатын жыр жарысының ерекше түрі ретінде есте қалады. Ертеден келе жатқан дәстүр бойынша жеңімпаз болған ақынның әдептілігі сақталуы себепті оның жеңісін қарсыласы мойындауы керек. "Біржан сал мен Сара" айтысы - соның нақты дәлелі. Ақын Әріп поэманың басында ақын Сараның өмірбаянын айтады. Айтыс туралы баяндаулар ақынның жеңілісінің себептеріне ерекше назар аударады. Сара логикалық және поэтикалық тартыста Біржанды жеңіп тұрып, Біржан өлеңмен осынша сұлу және ақын қыздың жігітін көрсетуді талап еткенде, оның аузына құм құйылып, үндей алмай қалады. Жексұрын, сүйкімсіз, бүкір Жиенқұлды Біржанға көрсету арқылы Сара Біржан алдында қандай күйге түсетіндігін сезіп, жеңілісін мойындайды. Айтыс мазмұны белгілі бір тақырып төңірегіндегі өлеңмен жарыстан тұрады. Кейде бұл талас айтысқа қатысып отырған байлар, билерді марапаттау мақсатында бір рудан екінші рудың артықшылығын айтатын тартысқа айналады. Егер айтысқа ақын -қатысса, әйел адамның құқығы мен жағдайы туралы айтылады. Махаббаттың тақырыбы, жұмбақтар жасыру, елдер, халықтар тағдыры, жалпы әлемдік таным - айтыс мәтінінің аясы кең болған. Кейде айтыс жарысушылардың жеке бас кемшіліктерін сынау тақырыбына да ауысып отырған. Екі рудың бір-бірінен артықшылығы туралы айтыстың ерекше әлеуметтік маңызы бар. Бұл ретте әрбір ақын өзінің руын, атақты және бай адамдарын, жерін, тауың табындарын мақтап, әсірелеп, қарсыласын мүмкіндігі болғанша, төмендетуге тырысады. Мұндай айтыстарда әсіресе, ру басылары ерекше мұқалап, аяусыз мысқылдың шырмауында қалатын болған. Ақындар олардың кемшіліктерін жіпке тізіп, аярлықтарын жөнсіз іс- әрекеттерін бетіне басатын өлеңдер айтқан. Айтыс басындағы мақтауды осы кемшін тұстар көмескілеп, халық сыни жақтарын ғана есте сақтап қалып отырған. Айтыстың бұл түрі ерекше танымал болған. Бұл ретте айтысушы ақындар арасында үнсіз келісім бардай ақын халық байлар туралы не ойлады, соны өткір тілмен, туралықпен көпшілікке жеткізген. Мұндай айтыстар әдетте, өзін сынап - мінеп отырған қарсыласына қарсы шығып, қорғай алмаған ақынды ашулы байдың таяқтап қуып шығуымен аяқталған. Қазақ жастарының кешкі бас қосуларында айтысқа бірнеше пар шығатын болған. Айтыс өнеріне деген халық махаббаты және өлеңді шығарып айтушыға берілетін жоғарғы баға әрбір ақынның өз өнерін жетілдіруге үлкен ықпал жасаған. Сондықтан да, қазақ үшін ақын - жыршы және әнші бейнесіндегі жиынтық тұлға болып табылады. Халық өткір және өлеңді дәл, жедел шығарып айтқан ақынды ерекше құрметтеген. Ақынның таланты, оның өлеңді шығарып айту шеберлігі күтпеген тақырыптарды ашуынан, оған жедел жауап беруінен көрінеді. Осындай көпшілік алдындағы бірнеше айтыстардан өткен ақын ғана халық ықыласына ие болған. Бұл - ақын үшін үлкен тәрбие мектебі ретінде танылып, барлық халық ақындарының шығармашылық жолы осы айтыстардан басталған. Жас ақынның беделді, сынақтан өткен ақынмен айтысуы келешектегі тағдырын (ақын ретіндегі) шешкен. Тыңдаушылар мен бас ақынның жас талантты мойындауы арқылы ол - ақын деп танылған.
 

© Национальная Библиотека Республики Казахстан. org@nlrk.kz
Design by Aysarov Shukhrat © 2009