Салдар мен Серілер
Қазақтың жақсы мен жайсаңдары "сал-серілерді" жек көрген, оларды қу, арзан алдамшылар деп атаған. Шын мәнінде, "сал-серілер" революцияға дейінгі Қазақстан жағдайында әндік және ақындық өнердің көрнекті өкілдері болған. Олар өздерінше мәнермен киінген. Осы қасиеттері дала қазақтарының ызасын келтірсе керек. Қазіргі уақытта эстрадалық және опералық әнші гастрольге шығатын болса, жол қоржынына өзінің концерттік костюмдерін салады. Сал -серілерде бұл мүмкіндік болмаған. Олар ауылдарда, далаларда, жәрмеңкелер мен базарларда өнер көрсеткен. Олар өздерінің концерттік киімдерін тұрақты киіп жүрген, осы ерекше жасану арқылы олар жәй адамдардан бөлініп, айырықшаланып тұратын болған. Халық сал-серілерді жақсы көрген, оларға айрықша құрмет көрсеткен. Олар қазақ халқының сүйіктісі, еркелері болған. Жас әйелдер мен қыздар олар келгенде немесе жолға шыққанда аттарын байлап, босатып, таңдаулы сұлулар кесемен шәй берген. Сал -серілерге қалыңдық отырған шымылдық ішіне кіруге рұқсат етілген. Сал - серілер шын мәніндегі әртістер болған. Олар үнемі халық назарында болып, өнер үшін қызмет көрсеткен. Халық жадында сал-серілерден Біржан сал мен Ақан сері ерекше орын алады.
|